Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы кәсіптік қауымдастықты аккредиттеу
Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
- Өтініш.
- КҚ мәліметтерінің нысаны.
- КҚ жарғысының, стандарттарының және КҚ қағидаларының көшірмесі.
- Кәсіптік қауымдастықтың санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын кемінде (бес) субъектісінің жұмыс істеп тұрған мүшелерінің тізімі.
- Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аккредиттеуге тартылған комиссия мүшелерінің тізімі және санитариялық-эпидемиологиялық аудит қызметі бойынша кемінде үш жұмыс тәжірибесін растайтын Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес құжаттардың көшірмелері.
- Комиссия мүшелерінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы жоғары біліктілік санаттың болуын растайтын құжаттардың көшірмелері.
- Соңғы 3 жылда біліктілікті арттыру бойынша оқуды растайтын комиссия мүшелері құжаттарының көшірмелері.
- Аккредиттеу туралы куәліктің қолданылу кезеңіне арналған жұмыс жоспары (аккредиттеу мәселелері бойынша оқытудан өту, конференцияларға қатысу, оның ішінде жеке және заңды тұлғаларды аккредиттеу мәселелері бойынша түсіндіру жұмысы).
Қызмет көрсету нәтижесі
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы кәсіптік қауымдастықты аккредиттеу туралы куәлік не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.