Қызметті онлайн алу («электрондық лицензиялау» www.elicense.kz порталында)
- «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту, осыдан кейін жаңа терезеде «электрондық лицензиялау» порталы ашылады.
- Жүйеге кіру немесе «электрондық лицензиялау» порталында тіркелу.
- Қызметтің паспортында құжаттар пакетімен танысу және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту.
- Қажетті деректерді көрсетіп, өтінішті толтыру және өз ЭЦҚ қою.
- Берілген өтініштің мәртебесін Жеке кабинетте «Менің өтінішім» тарауында қадағалау. Рұқсатты алу туралы «Менің рұқсаттама құжаттарым», хабарлама алу туралы - «Менің хабарламаларым» тарауынан біле аласыз.
Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (Қажетті құжаттар):
Жеке және заңды тұлғалар үшін:
- Өтініш.
-
Жеке тұлғалар үшін - жеке басын куәландыратын құжат немесе заңды тұлғалар үшін - діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік не анықтама.
-
Сараптама объектісінің Қазақстан Республикасы ұйымдарының кітапхана қорларына түскенін растайтын құжаттың көшірмесі не миссионерлерді немесе діни бірлестікті тіркеуге өтініш беру өтінішінің көшірмесі не діни бірлестік басшысынан немесе оның міндетін атқарушы тұлғадан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінгенін растайтын құжаттың көшірмесі.
-
Сараптама объектілері.
* Егер ұсынылған материал шет тілінде болса, онда нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тіліндегі аударма ұсынылады. Объект толық, ақаулары мен зақымдануларсыз ұсынылады.
Қызмет көрсету нәтижесі
Сараптама қорытындысы туралы хат не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.