Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру
Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)
- Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
- Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
- Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
- Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
- Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-та алу (қажетті құжаттар):
Кәсіби дипломды алу үшін:
- Өтiнiш.
- Жеке басты куәландыратын кужат.
- Жоғары немесе орта білімнен кейін білім туралы құжаттардың (дипломның) көшірмелері.
- Жүзу өтілін растайтын құжат.
- Кемедегі жұмысқа жарамдылығы туралы медициналық комиссияньң қорытындысы.
- Мөлшері 3,5x4,5 сантиметр екі фотосурет.
Кәсіби дипломның телнұсқасын алу үшін:
Қызмет көрсету нәтижесі
Кәсіби диплом, кәсіби дипломның телнұсқасын беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.