Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру
Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)
- Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
- Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
- Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
- Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
- Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.
Қызмет көрсету нәтижесі
Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығының бастапқы сертификатын беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Бұрын ұшуға жарамдылық сертификаты болған азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылық сертификатын не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.
Бекітілген үлгілік конструкциясы жоқ азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылық сертификатын не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.
Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылық сертификатын ұзарту не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.