Тегін
Көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер өзгерген кезінде, өндіру учаскесін және дайындық кезеңін бекітіп беру кезінде, учаскені және өндіру кезеңін немесе өндіру кезеңін бекітіп беру кезінде, барлау кезеңін ұзарту кезінде, өндіру кезеңін ұзарту кезінде, уран өндіруді ұзарту кезінде, учаскені ұлғайту кезінде, уран учаскесін ұлғайту кезінде, жер қойнауы учаскесін азайту кезінде, өндіру кезеңіне ауысу кезінде келісімшартқа қосымша келісімге қол қою кезінде – 20 жұмыс күні
Жер қойнауын пайдалану құқығы мен жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес ауысқан кезде келісімшартқа қосымша келісімге қол қою кезінде – 15 жұмыс күні.
Жер қойнауы учаскесін бөлу кезінде келісімшартқа қосымша келісімге қол қою кезінде – 10 жұмыс күні
Көмірсутектер мен уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға қосымша келісімдерді жасасу (қол қою)
Қызметті онлайн алу
- БМБЖ жүйесінде авторизациядан өту.
- Өтінімді толтыру және өтінімге ЭЦҚ -мен қол қою, қажетті құжаттардың сканкопияларын тіркеу.
- БМБЖ-да "мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" қосымша бетіндегі "өтінімдер журналы" бөлімінде нәтижемен танысады.
Қоса берілетін құжаттардың ең көп көлемі 100 Мб аспауы тиіс.
Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар):
Жер қойнауын пайдалану құқығы мен жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес ауысқан кезде келісімшартқа қосымша келісім алу үшін
- Жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуы туралы өтініш.
- Көрсетілетін қызметті алушы қол қойған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа толықтыру 3 (үш) дана.
- Салыстырып тексеру үшін жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алған кезде негіздеме болатын құжаттың көшірмесі және түпнұсқасы.
- Салыстырып тексеру үшін жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) сатып алушы туралы мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері және түпнұсқалары.
Сатып алушының Кодекстің талаптарына сәйкес келуін растайтын құжаттар:
- Егер жер қойнауын пайдалану құқығына (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесіне) кепілмен ауыртпалық салынса (ауыртпалық салынса), кепіл ұстаушының жазбаша келісімі.
- Жер қойнауын пайдалану құқығының барлық бірлескен иеленушілерінің жазбаша келісімі.
- Кодекстің 45-бабының және 277-бабы 14-тармағының талаптары негізінде қолданылатын өтініштерді қарау кезінде ұсынымдар әзірлеу мақсатында көрсетілетін қызметті берушінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылатын жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясының (бұдан әрі – сараптама комиссия) ұсынымдары негізінде берілген көрсетілетін қызметті берушінің оң шешімі.
Көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер өзгерген кезде келісімшартқа қосымша келісім алу үшін
- Көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтерді өзгертуге арналған өтініш.
- Көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтерге өзгерістер енгізу қажеттілігін растайтын құжаттар.
- Көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтерге өзгерістер енгізуді көздейтін көрсетілетін қызметті алушы қол қойған келісімшартқа толықтыру 3 (үш) данада.
- Салыстырып тексеру үшін көрсетілетін қызметті алушының өтінішке қол қою өкілеттігін куәландыратын құжаттардың көшірмелері және түпнұсқалары.
Өндіру учаскесін (учаскелерін) және дайындық кезеңін бекітіп беру кезінде келісімшартқа қосымша келісім алу үшін
- Өндіру учаскесін және дайындық кезеңін (дайындық кезеңдерін) бекітіп беру туралы өтініш.
- Дайындық кезеңін (дайындық кезеңдерін) бекітіп беруді көздейтін және Кодекстің 110-бабына сәйкес өндіру учаскесін (учаскелерін) белгілейтін келісімшартқа қосымшаны қамтитын, көрсетілетін қызметті алушы қол қойған келісімшартқа толықтыру 3 (үш) данада.
- Көрсетілетін қызметті алушы бекіткен және жер қойнауы мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын алған геологиялық қорларды есептеу жөніндегі есеп.
- Сараптама комиссиясының ұсынымдары негізінде берілген көрсетілетін қызметті берушінің оң шешімінің көшірмесі.
Өндіру учаскесі мен кезеңін немесе өндіру кезеңін бекітіп беру кезінде келісімшартқа қосымша келісім алу үшін
- Өндіру учаскесін (учаскелерін) және кезеңін (кезеңдерін) немесе өндіру кезеңін (кезеңдерін) бекітіп беру туралы өтініш.
- Кодекстің 119-бабының 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, өндіру учаскесін (учаскелерін) және кезеңін (кезеңдерін) немесе өндіру кезеңін (кезеңдерін) бекітіп беруді көздейтін келісімшартқа көрсетілетін қызметті алушы қол қойған толықтыру. Бұл ретте өндіру учаскесін (учаскелерін) бекіту мақсатында келісімшартқа толықтыру Кодекстің 110-бабына сәйкес өндіру учаскесін (учаскелерін) белгілейтін келісімшартқа толықтыруды 3 (үш) данада қамтуға тиіс.
- Көрсетілетін қызметті алушы бекіткен және жер қойнауы мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын алған геологиялық қорларды есептеу жөніндегі есеп.
- Көрсетілетін қызметті алушы бекіткен және Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген оң қорытындыларды алған кен орнын игеру жобасы.
сараптама комиссиясының ұсынымдары негізінде берілген көрсетілетін қызметті берушінің оң шешімінің көшірмесі.
Барлау кезеңін ұзарту кезінде келісімшартқа қосымша келісім алу үшін
- Барлау кезеңін ұзартуға байланысты жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер енгізуге өтініш.
- Көрсетілетін қызметті алушы бекіткен және барлау кезеңі ұзартылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы тиісті жер қойнауы учаскесінде орындауға міндеттенетін қосымша жұмыстардың көлемі, сипаттамасы және орындау мерзімдері қамтылған қосымша жұмыстардың қол қойылған бағдарламасы.
Көрсетілетін қызметті алушы қол қойған келісімшартқа толықтыру 3 (үш) данада, онда мыналар қамтылады:
- Кодекстің 117-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларда – барлау учаскесінің (учаскелерінің) шекараларын тереңдігі бойынша белгілеуді қоса алғанда, шеңберінде табылған кенжатынның (кенжатындар жиынтығының) болжанатын контурлары жатқан блоктардан тұратын барлау учаскесін (учаскелерін) осы Кодекстің 110-бабына сәйкес белгілейтін келісімшартқа қосымша.
- Осы тармақшаның үшінші абзацында көрсетілген және келісімшартқа оның ажырамас бөлігі ретінде қоса берілетін қосымша жұмыстар бағдарламасын орындау жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының міндеті.
- Кодекстің 117-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда – табылған кенжатынды (кенжатындар жиынтығын) бағалау бойынша жұмыстарды көздейтін, жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған барлау жұмыстарының жобасына толықтыру.
- Кодекстің 117-бабының 3-тармағында көзделген жағдайда – көрсетілетін қызметті алушы бекіткен және Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған сынамалы пайдалану жобасы.
- Сараптама комиссиясының ұсынымдары негізінде берілген көрсетілетін қызметті берушінің оң шешімінің көшірмесі.
Өндіру кезеңін ұзарту кезінде келісімшартқа қосымша келісім алу үшін
- Өндіру кезеңін ұзартуға байланысты жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер енгізуге өтініш.
Келісімшартқа көрсетілетін қызметті алушы қол қойған өндіру кезеңін ұзартуды көздейтін толықтыру 3 (үш) данада, онда мыналар қамтылады:
- Көрсетілетін қызметті алушы бекіткен және өндіру кезеңі ұзартылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы жер қойнауы учаскесінде орындауға міндеттенетін жұмыстардың көлемін, сипаттамасы мен орындалу мерзімдерін қамтитын жұмыс бағдарламасы.
- Көрсетілетін қызметті алушы бекіткен және Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған, өндіру кезеңін ұзартудың сұратылып отырған мерзімі ішінде кен орнын игеруді көздейтін кен орнын игеру жобасы.
- Сараптама комиссиясының ұсынымдары негізінде берілген көрсетілетін қызметті берушінің оң шешімінің көшірмесі.
Уран өндіру кезеңін ұзарту кезінде келісімшартқа қосымша келісім алу үшін
- Уран өндіру кезеңін ұзартуға байланысты жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер енгізуге өтініш.
- Жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған, өндіру кезеңін ұзартудың сұратылып отырған мерзімі ішінде кен орнын игеруді көздейтін уран кен орнын игеру жобасы.
Егер келісімшарт өндіру кезеңін ұзарту туралы өтініш берілген күні көрсетілетін қызметті беруші бекітетін, өтініш берілген күнге қолданыста болатын уран өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес келген жағдайда, өндіру кезеңін ұзартқан кезде жер қойнауын пайдаланушы мен көрсетілетін қызметті берушінің арасында ұзарту туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай ішінде уран өндіруге арналған келісімшартқа өндіру кезеңін ұзартуды көздейтін толықтыру жасалады.
Егер келісімшарт өндіру кезеңін ұзарту туралы өтініш берілген күні көрсетілетін қызметті берушінің бекітетін, өтініш берілген күнге қолданыста болатын уран өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес келмеген жағдайда, өндіру кезеңін ұзартқан кезде жер қойнауын пайдаланушы мен көрсетілетін қызметті берушінің арасында ұзарту туралы шешім қабылданған күннен бастап екі ай ішінде Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17140 болып тіркелген) уран өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген, жаңа редакциядағы уран өндіруге арналған келісімшарт 3 (үш) данада жасалады.
- Сараптама комиссиясының ұсынымдары негізінде берілген көрсетілетін қызметті берушінің оң шешімінің көшірмесі.
Жер қойнауы учаскесін (учаскелерін) ұлғайтуға байланысты келісімшартқа қосымша келісім алу үшін
- Жер қойнауы учаскесінің (учаскелерінің) ұлғаюына немесе азаюына байланысты жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер енгізуге өтініш.
- Көрсетілетін қызметті алушы қол қойған, Кодекстің 110-бабына сәйкес ұлғайтылған жер қойнауы (учаскелерін) немесе көрсетілетін қызметті алушының 113-баптың 3-тармағында көрсетілген және келісімшартқа оның ажырамас бөлігі ретінде қоса берілетін қосымша жұмыстар бағдарламасын орындау жөніндегі міндетін белгілейтін келісімшартқа қосымшаны қамтитын келісімшартқа толықтыру 3 (үш) данада.
- Жер қойнауы учаскесі ұлғайған кезде көрсетілетін қызметті алушы бекіткен және көрсетілетін қызметті алушы жер қойнауын пайдалану құқығын алған кезде белгіленген барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесіндегі жұмыстардың көлемі мен түрлері бойынша ең төмен талаптарға пропорционалды түрде сәйкес келетін, сұратылған жер қойнауы учаскесінде көрсетілетін қызметті алушы орындауға міндеттенетін жұмыстардың көлемін, сипаттамасы мен мерзімдерін қамтитын қосымша жұмыстар бағдарламасы.
- Сараптама комиссиясының ұсынымдары негізінде берілген көрсетілетін қызметті берушінің оң шешімінің көшірмесі.
Жер қойнауы учаскесін (учаскелерін) ұлғайтуға байланысты уран өндіруге арналған келісімшартқа қосымша келісім алу үшін
- Жер қойнауы учаскесінің (учаскелерінің) ұлғаюына немесе азаюына байланысты жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер енгізуге өтініш.
- Жер қойнауы учаскесін ұлғайтуды көздейтін, жер қойнауын пайдаланушы қол қойған келісімшартқа толықтыру 3 (үш) данада.
- Сұралып отырған учаскеге қорлар бойынша құзыретті тұлғаның есебі.
- Кодекстің 45-бабы және 277-бабының 14-тармағы талаптары негізінде берілген көрсетілетін қызметті беруші оң шешімінің көшірмесі.
Жер қойнауы учаскесін (учаскелерін) азайтуға байланысты келісімшартқа қосымша келісім алу үшін
- Жер қойнауы учаскесінің (учаскелерінің) азаюына байланысты жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер енгізуге өтініш.
- Көрсетілетін қызметті алушы қол қойған, Кодекстің 110-бабына сәйкес азайтылған жер қойнауы учаскесін (учаскелерін) белгілейтін келісімшартқа қосымшаны қамтитын және Кодекстің 114-бабында көрсетілген келісімшартқа оның ажырамас бөлігі ретінде қоса берілетін келісімшартқа толықтыру 3 (үш) данада.
- Қайтарылатын жер қойнауы учаскесінде (учаскелерінде) жер қойнауын пайдалану салдарларын жою актісінің көшірмесі.
- Кодекстің 45-бабы және 277-бабының 14-тармағы талаптары негізінде берілген көрсетілетін қызметті беруші оң шешімінің көшірмесі.
Жер қойнауы учаскесін (учаскелерін) азайтуға байланысты уран өндіру жөніндегі келісімшартқа қосымша келісім алу үшін
- Жер қойнауы учаскесінің (учаскелерінің) азаюына байланысты жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер енгізуге өтініш.
- Қайтарылатын жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану салдарларын жою актісінің көшірмесі.
- Көрсетілетін қызметті алушы қол қойған, жер қойнауы учаскесін азайтуды көздейтін келісімшартқа толықтыру 3 (үш) данада.
- Кодекстің 45-бабы және 277-бабының 14-тармағы талаптары негізінде берілген көрсетілетін қызметті беруші оң шешімінің көшірмесі
Жер қойнауы учаскесін бөлу кезінде келісімшартқа қосымша келісім алу үшін
- Жер қойнауы учаскесін бөлу туралы өтініш.
- Кодекстің 110-бабына сәйкес азайтылған негізгі жер қойнауы учаскесін, сондай-ақ Кодекстің 115-бабында көрсетілген мәліметтерді белгілейтін, келісімшартқа қосымшаны қамтитын, көрсетілетін қызметті алушы қол қойған келісімшартқа толықтыру 3 (үш) данада.
- Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17140 болып тіркелген) бекітілген үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген, көрсетілетін қызметті алушы қол қойған көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт 3 (үш) данада.
- Сараптама комиссиясының ұсынымдары негізінде берілген көрсетілетін қызметті берушінің оң шешімінің көшірмесі.
Қызмет көрсету нәтижесі
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа қосымша келісім не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.