Мемлекеттiк қызметшiлерді, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тестілеу
Құрметті азаматтар!
Қызметке онлайн тапсырыс бермес бұрын тестілеу ережелері мен бағдарламаларын тексеріп алыңыз:
әкімшілік қызметке кіретін үміткер үшін: https://zan.gov.kz/client/#!/doc/111187/kaz/32
құқық қорғау қызметіне кіретін үміткер үшін: http://zan.gov.kz/client/#!/doc/107343/kaz/45
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтыру және жіберу (ЭЦҚ талап етілмейді).
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
*Аталмыш қызмет кәмелетке толған адамдар және зейнеткерлік жасқа жетпеген азаматтар үшін қол жетімді.
Қызмет көрсету нәтижесі
Әкімшілік қызмет үшін:
Тестілеудің нәтижесі портал арқылы кандидаттың жеке кабинетіне 20 минут ішінде жіберіледі.
Құқық қорғау қызметі үшін:
Мемлекеттік тілді білуге арналған тестілеуге шекті мән белгіленбейді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электронды түрде.