Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету құқығына Қазақстан Республикасының аумағында визаны беру, қалпына келтіру және ұзарту
Қызметті онлайн қалай алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- ҚР визалық-көші-қон порталына (vmp.gov.kz/main/user/consul-service) өту.
- Визалық-көші-қон порталында авторизациядан өту.
- Жеке мәліметтерін көрсетумен өтінімді толтыру және оған ЭЦҚ қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен).
Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
- Көлемі 3,5х4,5 сантиметр түрлі-түсті немесе қара-ақ фотосуреті бар виза алуға арналған визалық сауалнама;
- ҚР шет елдердегі мекемелерінде немесе Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайында виза ресімдеу кезінде ҚР ІІМ-де немесе ҚР СІМ-де тіркелген қолдаухаттың нөмірі және оны тіркеу күні (виза алушыға шақырудың нөмірін және берілген күнін шақырушы тарап хабарлайды), немесе осы Қағидалардың 25-тармағында көзделген виза санаттарын алушылардың қолдаухаты;
- Шет мемлекеттің жарамды дипломатиялық, қызметтік және шетелдік паспорты, не болмаса Қазақстан Республикасы осы қалыпта таныған және Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге құқық беретін жеке басты куәландыратын өзге құжат (бұдан әрі – паспорт);
- Мемлекеттік бажды төлегенін растайтын төлем құжатының түпнұсқасы;
- Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес виза алуға қажетті қосымша құжаттар.
Визаларды беру негіздері Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес анықталады.
Визалардың барлық санатындағы визаларын ұзартуға:
- виза алу үшін Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес визалық сауалнама не көлемі 3,5х4,5 сантиметр түрлі түсті не ақ-қара фотосуреті;
- паспорт;
- мемлекеттік бажды төлегенін растайтын төлем құжатының түпнұсқасы.
Қызмет көрсету нәтижесі
Көрсетілетін қызметті беруші арқылы Қазақстан Республикасына кіру / шығу үшін виза немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жауап.
Порталда электрондық құжат нысанында виза.