Санаторийлік-курорттық емдеу қажеттілігі туралы қорытындыны қалай алуға болатыны туралы бейнероликті қараңыз
Қызметті онлайн алу
- Порталда Авторизациядан өту және "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасы бойынша өту.
- Өтінімді толтыру және ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбамен) немесе смс-пароль көмегімен (мобильді азаматтар базасында міндетті түрде тіркелген болу керек) қол қою.
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында өңделген анықтамамен танысу және талап етілген жерге ұсыну.
Қызметті Мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар):
- Еркін нысандағы өтініш.
- Жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).
- Жіберілетін диагнозға сәйкес клиникалық-диагностикалық зерттеулердің нәтижелері (диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес).
Қызмет көрсету нәтижесі
"Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ–175/2020 бұйрығымен бекітілген 069/е нысаны бойынша берілген санаторийлік-курорттық карта, немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту..
Порталда - көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында 001-3/е нысаны бойынша берілген стационарға емдеуге жатқызуға жолдама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.