Азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің тұруына ықтиярхат беру
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
Азаматтығы жоқ адамның куәлiгiн ресімдеу үшін:
- Мемлекеттiкбаждытөлегенiтуралықұжат;
- Өлшемi 3,5 х 4,5 см. үшфотосурет (формулярды қағаз тасымалдағышта толтырған кезде);
- Мына құжаттардың бірі:
- жарамдылық мерзiмi аяқталған шетелдік паспорт (азаматығы тиесілі елдің елшілігі болмаған кезде);
- азаматтығы жоқ адамның куәлiгi (азаматтығы жоқ адамның келу елінің куәлігі және бұрын берілген құжаттың беру мерзімі өткен кезде құжатты қайта рәсімдеу кезінде);
- 1974 жылғы үлгідегі паспорт (басқа мемлекеттің құзыретті органы берген келу елінің азаматтығының жоқтығы туралы анықтамасы болған кезде);
- әскери билет;
- бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаны туралы анықтама;
- Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу және азаматтығын өзгерту, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес азаматтықты өзгерту туралы анықтама;
- туу туралы куәлік (он алты жасқа дейінгі адамдарға ресімдеу кезінде);
- Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері беретін оралу куәлігі (шетелде уақытша жүрген азаматтығы жоқ адамның куәлігі жоғалған кезде).
Қазақстан Республикасында тұруға ыхтиярхатты ресімдеу үшін:
- Жарамды ұлттық паспорт;
- Өлшемi 3,5 х 4,5 см. екі фотосурет (қағаз түрінде).
Қызмет көрсету нәтижесі
Азаматтығы жоқ адамның куәлiгін немесе шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.