Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын мемлекеттік тіркеу
Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)
- "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасы бойынша жүріңіз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
- Авторлану немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркелу.
- "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басқаннан кейін ашылған "Электрондық лицензиялау" порталының парағында "Өтініш беру" сілтемесі бойынша өту.
- Өтінішті толтырыңыз және өз ЭЦҚ қол қойыңыз.
- Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.
Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады:
Тіркеу куәлігін алу үшін:
- Өтініш.
- Көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжат (көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде).
Тіркеу куәлігінің телнұсқасын алу үшін:
- Еркін нысандағы өтініш.
- Көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжат (көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде).
Ветеринариялық препараттарды уақытша тіркеуді жүргізу үшін:
- Өтініш.
- Көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжат (көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде).
- Жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттаманы келісу қағидаларында көзделген тиісті құрылымға сәйкес келетін ветеринариялық препаратқа арналған нормативтік-техникалық құжаттама.
- Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет анықталған, таралуы эпизоотиялық жағдайдың нашарлауына әкеп соғуы мүмкін жануарлардың аса қауіпті және экзотикалық ауруларына қарсы ветеринариялық препараттарды уақытша тіркеуден өткізудің орындылығы туралы ғылыми-зерттеу мекемелерінің ұсынымдары.
- Ветеринариялық препараттарды қолданудың ұқсас саласы бойынша басқа мемлекеттерде олардың мемлекеттік тіркелгені туралы құжат (сол жануарларға және жануарлардың аса қауіпті және экзотикалық ауруларына қарсы).
Тіркеу куәлігін қайта ресімдеу үшін:
- Өтініш.
- Ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде сақталатын құжаттарды қоспағанда, тіркеу куәлігін қайта тіркеуге негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшірмелері.
- Ветеринариялық препараттарды өндіру жөніндегі қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың көшірмесі (шетелдік өндірушілер үшін).
- Ветеринариялық препаратқа, азықтық қоспаға бұрын берілген тіркеу куәлігінің түпнұсқасы (бар болса).
Басқа тілдерде жасалған құжаттар мемлекеттік және орыс тілдеріне аударылып және тіркеу іс-әрекеттерін жүргізу үшін бір тілден екінші тілге аударманың дұрыстығына нотариустың не аударманың дұрыстығын куәландыру жөніндегі іс-әрекеттерді жасауға құқығы бар басқа лауазымды адамның куәландырылған қолымен ұсынылады.
Қызмет көрсету нәтижесі
Тіркеу куәлігі, тіркеу куәлігінің телнұсқасы не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту.